Бас прокуратура қаңтар оқиғаларының тергеу нәтижелерін жұртшылыққа жеткізу бойынша  жұмысты жалғастыруда. Сол күндері Алматы, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарына қылмыскерлер қаруды қолдану арқылы мақсатты түрде стратегиялық мемлекеттік және азаматтық объектілерді басып алып, қиратқан. Оның ішінде – әкімдіктер, аэропорттар, полицияның ғимараттары, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті, телевидение және байланыс, сондай-ақ сауда үйлері, қару дүкендері және азаматтардың мүліктері.