Қазіргі уақытта «Қаңтар оқиғасы» кезінде адамдардың қаза болу фактілерімен құқық қорғау органдарымен 200-ден астам қылмыстық іс тергелуде. Барлық осы жағдайлар бойынша нақты мән-жайларды анықтау жөнінде кешенді шаралар қабылданды. Күрделі және уақытты қажет ететін ұзақ процесс туралы Орталық  коммуникациялар  қызметі алаңында Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов айтып берді.