Тергеу көрсеткендей, жекелеген азаматтар қауіпсіздік шараларын елемей, Төтенше жағдай режимін бұза отырып, қарулы шабуылдар жасалған орындарда болған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлім етті.