Жалпы еліміз бойынша тергеу органдарымен 5 300 астам қылмыстық іс тіркелді. Олардың басым бөлігі – ұрлық, тонау, қаруды сақтау және өзге де қылмыстар. Тергеу амалдарын жүргізу үшін барлығы 1 237 күдікті адам қамауға алынды. Орталық  коммуникациялар  қызметі алаңында Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов осындай мәліметтерді жария етті.