Қазақстанда алғаш  рет Орталық Азия волонтерлер форумы өтеді. Шараға Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстаннан келген волонтерлер саласындағы сарапшылар қатысуда. Форум 5 күнге созылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет мәлім етті.