БҰҰ Еріктілер бағдарламасы Қазақстанмен серіктестікті бағалайды. Ынтымақтастық 1993 жылдан бері жалғасып келеді. Мұның нәтижесі - тиісті заң мен волонтерлікті дамытудың Жол картасын қабылдау. Бұл туралы Орталық коммуникациялар  қызметі алаңында Қазақстандағы БҰҰ волонтерлер бағдарламасының үйлестірушісі Никита Шабаев айтып берді.