Қазіргі кезде 2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдумда қабылданған өзгерістер мен толықтыруларға түсіндірменің өзектілігі өте зор. Кітап халыққа, жұмыс істеп жүрген шенеуніктерге пайдалы болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Ермек Абдрасулов мәлімдеді.