Қаңтар оқиғалары кезінде көптеген қызметтік және азаматтық қарулар ұрланып, бұл азаматтардың қауіпсіздігіне нақты қауіп төндірді. Бүгінгі күні, қабылданған шаралармен 873 қару анықталып тәркіленді, оның ішінде 480 табельдік және 387 азаматтық қару. Бірқатар адамдар қару ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Осы қылмыстың ауырлығы мен қоғамға қауіптілігін ескере отырып, соттар да сәйкес жаза тағайындауда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеді.