«Айбоз» әдеби сыйлығына қатысу үшін еңбектерді 31 қыркүйекке дейін Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының арнайы поштасына жолдауға болады. Маусым айынан бастап, екі айда 150 жуық туынды келіп түсті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Әділ Қойтанов хабарлады.