Бүгінгі күні елімізде кәсіби-техникалық білім беретін 770 колледжде 480 мыңнан астам студент білім алады. Биыл мемлекеттік тапсырыс республикалық бюджет есебінен 45 мың орынға ұлғайтылып, 128 мың грант беріледі деп күтілуде. Бүгінгі күні конкурстық жұмыстар аяқталуда. Жақын арада колледжге оқуға неше студенттің түскені нақты белгілі болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова хабарлады.