Қазба зерттеулері барысында II Түрік қағандығының негізін қалаған Құтлық Елтеріс қағанның ғұрыптық кешені мен бітік тасы табылды. Оның қаған екені үлкен текше тастың (альтар) болуынан байқалды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Моңғолия Ғылым академиясы Тарих, археология институты Ортағасырлық археологиялық зерттеу орталығының жетекшісі Алтангэрэлийнп Энхтөр хабарлады.