Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек 2022 жылғы егін жинау науқанының барысы туралы баяндады. Биылғы қолайлы жағдайлары егін жинау жұмыстарын уақытылы бастауға мүмкіндік берді. Бүгінгі күні ел бойынша жалпы 9,2 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды немесе ол жоспардың 57,8% құрайды. Орташа өнімділік 12 ц/га құрап, 11,2 млн тонна астық бастырылды. Жаппай егін жинау республиканың барлық өңірлерінде басталды.