Егін жинау жұмыстарын уақытылы жүргізу үшін ауылшаруашылық тауар өндірушілерге 423,5 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді. Өткен жылмен салыстырғанда, әкімдіктердің сұрауы бойынша қосымша 27 мың тонна дизель отыны бөлініп отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек мәлімдеді.