Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «Самұрық-Қазына» қоры бойынша нақты тапсырма берді. Атап айтқанда, үздік инвестициялық компанияларға бағдарланған жұмыстың жаңа моделін айқындау бойынша. Бұл жұмысты іске асыру үшін Қор 2023-2032 жылдарға арналған стратегия жобасын әзірледі, жаңа тұжырымдамалар, миссиясы айқындалды, ұзақ мерзімді мақсаттар цифрландырылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.