Мемлекет басшысы Жолдауында Әділет министрлігінің алдына әкімшілік әділет саласын кеңейту; қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын түзету жөніндегі өкілеттіктерді құқық қорғау органдарынан Әділет министрлігіне беру және оларға ревизия жүргізу бойынша нақты міндеттер қойды. Осы бағыттағы жұмыс туралы ҚР Әділет министрі Қанат Мусин Орталық коммуникациялар қызметі алаңында толығырақ айтып берді.