Жүргізілген әкімшілік реформаның оң көрсеткіштерін ескере отырып, Мемлекет басшысы әкімшілік әділет саласын одан әрі кеңейту жөнінде міндет қойды. Әділет министрі Қанат Мусиннің айтуынша, бұл жұмыста үш маңызды бағыт белгіленген. Біріншіден, бұл арнайы құқықтан айыру түріндегі санкцияны қарастыратын әкімшілік құқық бұзушылықтардың құрамын ӘРПК жазықтығына ауыстыру мүмкіндігі. Бұл құрамдарды ӘРПК жазықтығына ауыстыру көрсетілген санкциялардың әкімшілік рәсімдерді жүзеге асырумен тікелей байланысты екендігінен.