Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында жоғары білім саласында қордаланып қалған мәселелердің нақты шешімдері ұсынылған және еліміздің әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.