Резидент еместерге ЖСН беру еңбек шарттарын жасасу, қаражат алу, қызмет көрсету, әкімшілік жауапкершілікке тарту, салық есептілігі және әртүрлі банктік және басқа да операцияларды жүргізу мақсатында талап етіледі. Сондықтан кез келген резидент емес – басқа мемлекеттің азаматы үшін – ЖСН алу барлығына бірдей. Бұл туралы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов Ресей азаматтарының Қазақстанға келуіне байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы жағдай бойынша Орталық коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді.