ҚР азаматтары үшін кезекті алдын ала брондау мүмкіндігі сақталып отыр, оны «Мобильді ХҚКО», eGov mobile қосымшалары, EgovKzBot2.0 Телеграм-боты, eGov порталы арқылы және бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөмірі бойынша жасауға болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов мәлімдеді.