Ішкі туризмнің негізгі көрсеткіштері артып келеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ішкі туристердің рекордтық көрсеткіші тіркелді - 6,9 млн адам. Бұл пандемияға дейінгі кезеңнен де жоғары. Туризм саласының болашағы туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков айтып берді.