Эпидемиологиялық жағдайға, шекарадан өту бойынша қойылған карантиндік шектеу шараларына, қаңтар оқиғаларына, сондай-ақ әлемдегі саяси және экономикалық шиеленістерге байланысты сыртқы туризмнің көрсеткіштері пандемияға дейінгі деңгейдегі көрсеткіштерге әлі толық көлемде жетпеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков мәлімдеді.