Субсидия алушылар үшін қарсы міндеттемелер енгізіледі. Атап айтқанда, өз өндірісінің өнімдерін өткізу көлемін жыл сайын кемінде 3%-ға ұлғайтуды қамтамасыз ету; еңбек өнімділігін жыл сайын арттыру; негізгі капиталға 5 жылда кемінде 1 рет инвестициялардың салынуын қамтамасыз ету. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді.