Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің республика бойынша аумақтық бөлімшелері 2,7 млн га алаңға жер пайдаланушыларға қатысты 1 077 жоспардан тыс тексеруді тіркеді, нәтижесінде 1,9 млн га алаңға 732 ұйғарым енгізілді; 306,2 мың га алаң бойынша 107 материал сот органдарының қарауында жатыр. Тиісті шаралар қабылданғаннан кейін 1,3 млн гектар ауыл шаруашылығы жерлері игеріле бастады. Сонымен қатар қабылданған шешімдердің заңдылығына 140 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, нәтижесінде жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы 101 нұсқама берілді. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ведомство басшысы Ербол Қарашөкеев осындай деректерді келтірді.