Жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмау маусымы жақындап келеді, жыл сайын тұмаумен әлем халықтың 15%-ына дейін ауырады. Тұмау өзінің әлеуметтік маңызы жағынан адамның барлық аурулар арасында бірінші орында тұр. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады.