Елімізде жыл сайын тұмау вирусының айналымы қараша айынан басталып, сәуір айының ортасына дейін созылады. Өткен жылы республикада ЖРВИ-мен 3,9 млн адам ауырды, 2019-2020 жылғы эпидемиологиялық маусыммен салыстырғанда ел бойынша сырқаттанушылық 1,3 есе өсті. Ауырған адамдардың 80%-ы – балалар мен жасөспірімдер. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова осындай мәліметтерді жария етті.
Биыл тұмауға қарсы вакцинаның 2,3 млн дозасы сатып алынды
Тегтер:
денсаулық сақтау