19 қыркүйекте ағымдағы эпидмаусымға Тұмау мен ЖРВИ бойынша санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу туралы бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысы бекітілді. Қаулыға сәйкес медициналық ұйымдардың ағымдағы жылғы 3 қазаннан бастап тұмауға қарсы иммундау кампаниясын жүргізуге, тұмаумен және ЖРВИ-мен ауыратын науқастарды қабылдауға дайындығы, сондай-ақ зертханалардың тұмау мен басқа да ЖРВИ-ге зертханалық зерттеу жүргізуге дайындығы қамтамасыз етілді.
Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен тұмауға қарсы вакцинаны халықтың анағұрлым осал топтары алады
Тегтер:
денсаулық сақтау