Есеп беру кезеңінде ақпарат баяу ұсынылады немесе жүйе істен шығуы мүмкін. Сондықтан жаңа платформалық шешімге көшу керек. Бұл тек салық жүйесіне ғана емес, кедендік әкімшілендіру жүйелеріне де қатысты. Мемлекеттік сатып алу бойынша да сұрақтар бар. Бұл процесс толығымен автоматтандырылған, бұған қарамастан процестің өзіне шағымдану, конкурс өткізу, бағалау бойынша сұрақтар туындайды. Осыған байланысты Мемлекет басшысы осы ұсыныстардың барлығын ескеріп, тиісті заңдарға өзгерістер енгізу міндетін қойды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты.