UMAI Ұлттық сыйлығын табыстау салтанаты 23 желтоқсанда «Астана Опера» театры алаңында өткізіледі. Бүгінгі таңда шығармашылық ұжымдар зор белсенділік танытуда. Ондаған өтінім келіп түсті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры директорының орынбасары Төлеубек Әлпиев мәлімдеді.