Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында нақты Қоғамдық кеңестер қызметін қайта форматтауға қатысты тапсырма берді. Осы орайда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тиісті жұмыстар жүргізіп, қажетті шаралар қабылдап жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет хабарлады.