«Астана» мәлімдемесінде мүше мемлекеттердің өңірдегі қауіпсіздікті нығайту және экономикалық өсуді, өзара байланысты, әлеуметтік және мәдени дамуды қамтамасыз ету үшін бірлескен жұмысты күшейту жөніндегі саяси еркі және ұжымдық шешім қамтылған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде АӨСШК VI Саммитінің қорытындылары туралы баяндаған кеңестің Бас хатшысы Елші Қайрат Сарыбай мәлімдеді.