Астанада өткен АӨСШК саммитінің жетістігі – Қазақстан төрағалық еткен екі жылдағы дәйекті жұмыстың нәтижесі. Былтыр Астанада Азия кеңесінің министрлердің алтыншы кездесуінде де бірқатар құжаттар қабылданды. Соның ішінде Президент Душанбе саммитінде көтерген екі бастама қолға алынды. Біріншісі - Ақылмандар алқасы болса, екіншісі - Талдау орталықтарының форумы Азия кеңесінің тұрақты жұмыс істейтін платформасына айналды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде АӨСШК VI Саммитінің қорытындылары туралы баяндаған кеңестің Бас хатшысы Елші Қайрат Сарыбай мәлімдеді.