Еңбек министрлігінің бастамасымен жалақы бойынша берешекті өтеудің нәтижелілігін арттыру мақсатында заңнамаға өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде жұмыс берушінің жалақы төлеуі туралы нұсқама атқарушылық құжаттың міндетті күшін алды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Еңбек, әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов хабарлады.