2022 жылы 9 айдың қорытындысы бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы бұзушылықтар үшін 109 лауазымды адам атқаратын қызметінен босатылды. Құқық қорғау органдарына жазатайым оқиғалар туралы 744 материал жіберілді, олар бойынша 118 қылмыстық іс қозғалды. Еңбек жағдайларының нақты жай-күйін бағалау мақсатында жұмыс орындарында 4 мыңнан астам өндірістік нысанды аттестаттау өткізілді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау rомитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов осындай мәліметтерді атап өтті.