Соңғы тұтынушы үшін электр энергиясының бағасы энергия өндіруші ұйымның сату бағасына сүйене отырып қалыптастырылады, оның үлесі орта есеппен 61% құрайды. Электр энергиясын беруге арналған тариф және энергия өндіруші ұйымның жабдықтау үстемесі, олардың үлесі түпкілікті бағада тиісінше 35% және 4%. Бұл туралы ОКҚ-да ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев айтты.