Бүгінгі таңда кейбір кәсіпкерлер өнімді сынаудан өткізбей, сәйкестікті бағалау туралы құжаттар алады. Олар техникалық реттеу саласында кедендік рәсімдердің жеңілдігін және жылдамдығын қалап, «Сұр сертификаттар» сатып алады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК бас директорының м.а. Мақсат Айтышев мәлімдеді.