Тұмау кенеттен басталып, температура күрт жоғарылайды. Дененің айқын интоксикациясы байқалады, қалтырау, адинамия, бұлшықеттің және бастың ауыруы, дененің сырқырауы, кеуде тұсы ауырып, құрғақ жөтел сияқты белгілері болады. ОКҚ алаңында еліміздің денсаулық сақтау министрлігінің өкілі тұмаудың белгілерін атап өтті.