Қылмыстық істер бойынша тергеу органдарымен нақты дәлелдемелерді жинауға және қатыстылығы бар адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Жұмыстың негізгі ауқымы жаппай тәртіпсіздіктер мен терроризм актілерімен жүргізілуде. Әрбір күдіктімен жауап алу, беттестіру, айғақтарды оқиға орнында нақтылау сияқты және өзге кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде. Бұл туралы ОКҚ алаңында Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Килымжанов мәлімдеді.