Жылыту кезеңінде халықтың әлеуметтік осал санаттарына ерекше назар аударылады. Жыл сайын маусым басталғанға дейін ТЖМ әлеуметтік қорғау органдарымен бірлесіп олардың санын есептейді, бұдан әрі олар атаулы профилактика көрсету үшін есепке алынады. Вице-министр Марат Күлдіковтің айтуынша, бүгінгі таңда әлеуметтік осал санаттар тұратын 106 мыңнан астам тұрғын үй тіркелді.