Заманауи маман даярлау моделі еңбек нарығына бағытталған. Білім беру бағдарламалары кәсіби, аймақтық стандарттар мен атластарға негізделген. Білім беру бағдарламаларының 64% кәсіби стандарттарды ескере отырып, жаңартылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев хабарлады.