Мемлекет басшысының «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау тапсырмасына сәйкес бірқатар жұмыс атқарылды. IT және инженерлік мамандықтарға гранттар саны өткен жылмен салыстырғанда 36-дан 60%-ға дейін ұлғайтылды. Жоғары оқу орындарының тізіміне 23 жетекші техникалық университет енді. Жалпы бұл тізімге әлемнің 26 елінен 236 үздік жоғары оқу орны кіреді. Техникалық мамандарға қатысты тізім жасалып, оған 40 жаңа мамандық енгізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин хабарлады.
Инженерлік-техникалық мамандар үшін арнайы жеңілдік санаты енгізілді
Тегтер:
білім беру