Бүгінгі таңда Қазақстан өзін онлайн қызмет көрсету бойынша дамыған елдердің бірі деп атай алады, бұл биылғы рейтингтің жарқын дәлелі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин атап өткендей, БҰҰ рейтингі бойынша еліміз 193 мемлекет арасында электрондық үкіметті (UN Global e-Government Development Index) дамыту бойынша 28-ші орынды иеленді.