Бүгін барлық деңгейдегі прокурорлар ел Президентінің сайлауын өткізудің заңдылығын қамтамасыз етуге жұмылдырылған. ҚР Бас прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі ұйымдастыру-бақылау басқармасының бастығы Азамат Сарғазин «Біздің ел – біздің таңдау!» онлайн телемарафонында сайлау күні кез келген сайлау алдындағы үгітке тыйым салынғанын еске салды.