Қазақстаннан Польшаға тауарлар мен қызметтер экспорты 30%-ға артты. Бұл поляк тарапынан жоғары сұраныстың бар екенінің белгісі. Бұл туралы халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен брифингте «Поляк халық партиясының» мүшесі, «Польша-Азия» Сауда-Өнеркәсіп палатасының төрағасы Януш Пехочинский мәлімдеді.