Қазақстанда өтіп жатқан Президент сайлауын бақылау үшін түркітілдес елдерінің парламенттік ассамблеясы атынан делегация келді. Делегация төрағасы, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің депутаты Ерол Каяның айтуынша, оның құрамына 20 маман және депутаттар енді. Олардың бір бөлігі Алматыда байқаушы қызметін атқаруда.