«Римдегі елшілігіңіз мені байқаушы болуға шақырғанда, мен қатты қуаныштымын. Себебі мен Қазақстан туралы көп естідім, бірақ мұнда ешқашан болған емеспін. Қазір Қазақстандағы жағдайдың қандай екенін білгім келді». Бұл туралы халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен брифингте Италия Азия мәселелері жөніндегі институтының бас хатшысы Доменико Палмиери мәлімдеді.