Мексиканың федералды депутаты, «Қазақстан-Мексика» достық тобының төрағасы Хосе Мигель де ла Крус Лима шет мемлекеттердің байқаушысы ретінде Қазақстанның сайлау процесінің өз еліне үлгі боларлық кейбір тұстарын атап өтті. Бұл туралы ол халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен брифинг барысында мәлімдеді.