Конституцияға және заңнамалық актілерге сәйкес прокуратура органдары ел Президенті сайлауын өткізу процесінде заңдылықты қамтамасыз ету бойынша барлық қажет шараларды қабылдады. Бұл туралы «Біздің ел – біздің таңдау!» онлайн марафонында өткен брифингте ҚР Бас Прокуратурасының өкілі Азамат Сарғазин хабарлады.