Түркі мемлекеттері ұйымының миссия басшысы, Бас хатшының орынбасары Өмер Қожаман халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен брифингте әріптестерімен бірге Қазақстандағы сайлауды көргеніне қуанышты екенін айтты. Бұл саяси оқиға ел болашағы үшін маңызды рөл атқарады. Байқаушылар сайлауға дейін бірнеше күн бұрын келді.