2022 жылдың 20 қарашасында Қазақстанда жаңартылған Конституцияға сәйкес кезектен тыс президент сайлауы өтті. Тұңғыш рет Мемлекет басшысы қайта сайлану құқығынсыз бір жеті жылдық мерзімге сайланды. Азаматтар қазіргі Президенттің саяси жаңғыру бағытын қолдады. Мұны Қазақстан Республикасы ОСК-ның алдын ала мәліметтері растады. Онда 81,31% (6 456 392 адам) Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берді.