Жол картасына енгізілген әлеуметтік мәселелерге мониторинг және сыртқы талдау жүргізіледі. Бұл негізгі превентивті құралдар. Ал нәтижесі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға септігін тигізеді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов мәлімдеді. 2022 жылдың 11 айында 228 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді. 66 мемлекеттік орган мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының қызметіне сыртқы талдау жүргізілді.